Пәкістан Ислам Республикасының бірқатар провинциялары екі ай бойы үздіксіз нөсер жаңбыр салдарынан елдің бір бөлігін топан су басты. Елде көптеген ғимараттар құлап, үй-күйсіз қалған адамдар саны артты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы алғашқылардың бірі болып Пәкістан Ислам Республикасына жаңбыр мен су тасқынының салдарын жою үшін 400 мың АҚШ доллары көлемінде гуманитарлық көмек көрсетті. Қазақстан осындай төтенше жағдай кезінде зардап шеккендердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады және елдегі жағдайдың тезірек тұрақтануына үміттенеді, — деді ол.