Әділғазы Бергенев есеп комитетінің мүшесі қызметінен босатылды

Тиісті құжатқа президент қол қойды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Әділғазы Сәдуақасұлы Бергенев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі лауазымынан босатылды, — делінген құжатта.

Әділғазы Бергенев 2017 жылы қыркүйекте есеп комитетінің мүшесі болып тағайындалған болатын.