Otyrar sazy & iFLY концерті халық аспаптары мен электрон музыканы біріктіреді

Концерт Қазақстан Республикасы ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаңда Шоқан Уәлиханов атындағы саябақта өтеді, (Шевченко көшесі, 28, Қонаев көшесінің қиылысы).

Іс-шараға кіру тегін.

Кесте:

18:00 – DJ AIDAR (Cosmic Picnic)

20:00 – OTYRAR SAZY & iFLY

OTYRAR SAZY & iFLY: дыбыс ерекшеліктері

OTYRAR SAZY & fly жобасы қазақ халық аспаптарының дыбысталуын, электрон музыка мен бейне шоуды біріктіретін, оркестр солистері – домбырашы Данияр Байжұманов пен мультинструменталист Гауһар Жұмағұлованың орындауымен, сонымен бірге скрипкашы Жәмила Серкебаеваның бірнеше композициясымен толықтырылған бірегей бағдарламасын ұсынады.

Қала тұрғындары мен қонақтары өздеріне таныс әндерді, сондымен бірге осы концерт үшін арнайы жазылған партитураларды «Желсіз түнде жарық ай» (Абай), «Бипыл» (халық әні), «Ақан Сері» (Мәнмаңгер), «Қамажай» (солист Жәмила Серкебаева) сияқты шығармаларда тыңдай алады.