Басты бетҚоғамАхмет Байтұрсынұлының...

Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған шаралар кейінге шегерілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев облысқа өрт сөндіру жұмыстарымен танысу үшін барады. Бұл туралы  Борт N1 Telegram-каналы хабарлады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысына жұмыс сапары барысында жедел штабқа барып, өртті сөндіру үшін қабылданып жатқан шаралармен танысуды жоспарлап отыр. Жалпы облыстағы жағдай толық бақылауда. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин басқаратын жедел штаб табиғи апаттарды жоюға қатысатын барлық органдардың іс-қимылдарын үйлестіреді, — делінген хабарламада.

Еске салайық, 2022 жылғы 2 қыркүйекте сағат 15.10-да Қазанбасы ауылынан 20 шақырым жерде «Басаман КШШ» комуналдық мемлекеттік мекемесі аумағында орман алқабы өртенген. Өртті сөндіру жұмыстары желдің екпіні мен күннің қатты ыстық болуына, шөптің қалың өсуіне және кірме жолдардың болмауына байланысты қиындық туғызып жатыр.

Бүгін, 3 қыркүйекте төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы орман өрті орнына тікұшақпен аттанды.