3 қыркүйек күні сағат 11:20-да Нұрсұлтан Назарбаев даңғылында «Оружейная палата» дүкенінің жеке тұрған бір қабатты ғимараты өртеніп, КЖС және асхана ғимаратының шатырына ұласты. Өрт ауданы 2 мың шаршы метрден астам алаңға жайылған. Қазіргі уақытта оқ-дәрілер жарылып жатыр. Өрт орны толығымен қоршалып, барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр, — делінген ведомствоның баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Өрт 8 жеке тұрғын үйге тарады, сонымен бірге үйдің жанында тұрған екі жеңіл автокөлікті зақымдаған.
Қару-жарақ дүкені иесінің айтуынша, жертөледе 2 адам бар, жеке құрам оқ-дәрілердің жарылуына байланысты дүкенге кіре алмауда. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД күштері жұмыс істеп жатыр. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылған.