Мемлекет басшысының жарлығымен Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Асқар Омаров қызметінен босатылды.
Дархан Қыдырәлі 1974 жылы 16 сәуірде туған. Ол бұған дейін білім және ғылым министрінің кеңесшісі, ҚР президентінің баспасөз хатшысының орынбасары, Түркі кеңесі бас хатшысының орынбасары, Түркі академиясы халықаралық ұйымының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ басқарма төрағасы, Түркі академиясының басшысы сияқты қызметтерді атқарған.