Басты бетЖаңалықтарНұр-Сұлтан тұрғыны...

Нұр-Сұлтан тұрғыны үйдің жертөлесінде жасырын ойынхана ұйымдастырды

Ол қолма-қол ақшаға чиптерді сатып, сатып алатын құмар ойынды жүзеге асырған, — делінген хабарламада. 

Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Астаналық 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Биыл небәрі 7 айда қаржы мониторингі агенттігі 82 ойын мекемесінің, оның ішінде 4 жасырын казиноның қызметін тоқтатты.

Ойын автоматтары, терминалдар, покер, рулетка үстелдері, компьютерлер, ұялы телефондар сынды 3 мыңға жуық зат, сонымен қатар 5 миллион теңгеден астам қолма-қол ақша тәркіленді.