Басты бетЖаңалықтар"ҚазАвтоЖол" мен...

«ҚазАвтоЖол» мен «Қазақавтодорды» біріктіру қашан аяқталады?

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» басқармасы төрағасының орынбасары Серік Айдос елордада өткен брифингіде айтты.

Процесс басталып кетті. Бұл процедура біршама уақытты алады. Қарашаның соңына дейін бұл жұмысты аяқтаймыз, — деді Серік Айдос БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Сонымен қатар ол екі ұлттық компания біріккеннен кейін қанша қызметкер қысқаратындығына да тоқталды.

Әзірше шамамен 10% қысқартамыз. Бұл 30-ға жуық адамды құрайды. Ұлттық компания мәртебесі сақталатын болады, — деді ол.

Шілдеде өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке «ҚазАвтоЖол» және «Казахавтодорды» біріктіріп, Қазақстанның біртұтас автожол компаниясын құруды тапсырған еді.