Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға баса назар аударғанын атап өткен жөн. Өмір сапасы мәселелері қоғамдық-саяси күн тәртібінде әрдайым маңызды орынға ие болғанына қарамастан, пәрменді шешімдерді талап ететін бірқатар міндеттер қалып отыр. Президент жанындағы ҚСЗИ зерттеулерінің деректері бойынша Қазақстан халқының басым бөлігінің нақты табыстарының деңгейі оларға өз қажеттіліктерін толық көлемде қанағаттандыруға мүмкіндік бермейді, — деді Қасымова.
Оның айтуынша, әлеуметтік жағынан осал топтар, сондай-ақ жұмыссыздар, әйелдер және басқа да топтар төменгі табыстың салдарын көріп отыр.
Сондықтан осы топтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жағына қарай қадамдар жасалды. Ең төменгі жалақыны айқындаудың жаңа әдістемесін енгізу, зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін арттыру және т.б. Бұл өзгерістердің нақты нәтижесі – ең төменгі жалақы мөлшерін 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін арттыру, сондай-ақ ең төменгі зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайыз дейін ұлғайту, — деді ол.
Қасымова президенттің әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде бала тууға байланысты демалыстағы әйелдер мәселесі назар аударғанын айтты.
Бірнеше рет әйелдердің бірнеше әлеуметтік рөлдерді біріктіруіне байланысты қиындықтар, соның салдарынан еңбек нарығына күйзеліс күйінде шығу және кейбір жағдайларда мәжбүрлеп жұмыстан босату байқалды. 2023 жылдың қаңтарынан бастап, бір жарым жасқа дейінгі бала күтімі бойынша төлемдер кезеңін арттыру ата-ана үшін де, бала үшін де қысқа мерзімді ақылы бала күтімі демалысының жағымсыз салдарын жоюға мүмкіндік береді. Бұл уақыт аралығында ата-аналардың бірі, көбінесе әйел, кәсіби дағдыларын сақтап, сонымен бірге отбасылық бюджетке көп экономикалық зиян келтірместен декреттік демалыста бола алады деп болжанады, — деді президент жанындағы ҚСЗИ жетекші ғылыми қызметкері.
«Ұлан-ғайыр Дала Елі» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Валихан Бахретдинов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауында көтерген бастамаларына қатысты пікір білдірді.
Қазақстан саяси реформаларды жалғастырып жатыр. Аса маңыздысы – сайлау жүйесін бірыңғайлыққа келтіру, бұл саясат ережелерінің түсінікті болуына үлес қосар аса маңызды бастама. Келешекте саяси үрдісті дамыған елдердегідей құруға жол ашады және келешекте бұл жүйені өзгертуге аса қиынға түсетіндей құқықтық механизмдерді енгізу әбден маңызды деп ойлаймын – деді сарапшы.
Қоғамдық бірлестік жетекшісі президент атап өткен Жоғарғы сот кеңесі төрағасын парламенттің сайлауы бастамасы сот жүйесінің дамуына әкелетінін айтты.
Менің ойымша, Қазақстанда сот үкімдерінің ортақ базасының жасалуы үлгі боларлық құқық жүйесінің ең тиімді жақтарын енгізуге саяси ынта барының белгісі. Оған қоса, 7 жылдық президенттік мерзім Қазақстанда тек бір рет толығымен өткерілген болғандықтан (1999-2006), оның саяси жүйеге әсері туралы саяси талдау жасау әлі ерте. Менің саясаттанушы ретінде көзқарасым, бес жылдық екі мерзімді президенттік үлгінің сақталуы тиімдірек еді, әрі Француз Республикасында өзінің саяси өмірге бейімділігін көрсетті, – деп пікір білдірді Валихан Бахретдинов.
Сарапшы премьер-министрдің кеңсесінің қайта құрылу бастамасы да қуантқанын, көптеген жыл бойы президент әкімшілігінің құрылымын қайталап отырған бұндай саяси бастаушы үкіметтің жұмысына теріс әсерін тигізетінін айтты. Ол кеңсенің ықшамдалуы жұмысты тездетеді деп сенеді.
Асылында, осы жолдау саяси жаңалықтарға толы болғанығына қарағанда 2000 жылдардың басындағы президенттік жолдауларды есіме түсірді. Бәлки, бүгінгі жолдауды «Жаңа Қазақстан» тұжырымдамасының нақтыланған тұсаукесері әрі жол картасы деп түйіндеуге болады. Ал орта деңгейлі Республиканың азаматы ретінде, әрине, бұл жолдауды көппен көрген ұлы тойға ұласатын келешектің бастамасы деп қабылдағым келеді, – деп сарапшы сөзін түйіндеді.