«Біз Ата заңымызда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидатты бекіттік. Бұл – құр сөз емес. Бұл – барлық реформаның арқауы», — деді Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында.
Оның айтуынша, әр отбасы мемлекеттің ұлттық байлығынан үлесін алуы тиіс. Сондықтан «Ұлттық қор — балаларға» атты жаңа бағдарлама іске қосылады.
«Өскелең ұрпаққа үлкен өмірге жолдама беру үшін Ұлттық қордағы инвестициялық табыстың 50%-і балалардың шотына салынып отырады», — деді Тоқаев.
«Ұлттық қор — балаларға» бағдарламасы 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылады және халықтың игілігіне қызмет ететін болады.