Тоқаев ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге көтеруді айтты

«Мемлекет ең төменгі жалақыны анықтаудың жаңа әдістемесін енгізеді, бұл оның мөлшерін кезең-кезеңімен ұлғайтуға мүмкіндік береді. Мен ең төменгі жалақы деңгейін 60-тан 70 мың теңгеге дейін көтеру туралы шешім қабылдадым. Бұл 1,8 миллион азаматтың табысына тікелей әсер етеді», — деді президент.

Тоқаев алдағы уақытта зейнетақы жүйесін айтарлықтай қайта жаңарту тұрғанын және зейнетақының ең төменгі базалық мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-не дейін, ал ең жоғары мөлшерлемесін 120%-ке дейін дәйекті түрде жеткізу керек екенін айтты.

«Бұған дейін қабылданған шешімдермен бірге бұл 2025 жылға қарай жиынтық зейнетақыны орта есеппен 27%-ке ұлғайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, кең әлеуметтік сұранысты ескере отырып, әйелдер үшін зейнеткерлік жас деңгейі 2028 жылға дейін 61 жыл деңгейінде белгіленеді. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының тиімді инвестициялық стратегиясын әзірлеу қажет», — деді Тоқаев.

Президент сонымен бірге әйелдердің зейнетке шығу жасын 2028 жылға дейін 61 жыл деңгейінде белгіленетінін айтты.