Hyundai Trans Kazakhstan зауыты — «Астана Моторс»-тың еншілес кәсіпорны, сондықтан ол өзінің алғашқы ірі корпоративтік кешін компанияның 30 жылдығына орайластырып өткізді. Жексенбі күні зауытқа 1700 адам келді, мұндай көп адам бірінші рет жиналып отыр! Зауытта 800-ден астам адам жұмыс істейді, бірақ мереке отбасылық форматта өтеді деп жоспарланғандықтан, зауыт жұмысшылары жұбайларымен және балаларымен келді. Айтпақшы, зауыттың ең үлкен көпбалалы отбасында алты бала бар!

Family Day – қазақстандық кәсіпорындар үшін салыстырмалы түрде жаңа форматтағы іс-шара, ал шетелде балаларын жұмысқа әкелу және оларды өндіріспен таныстыру, ата-аналарының қандай міндеттер атқаратынын көрсету кеңінен таралған.

Салтанатты жиынды «Астана Моторс» бас директоры Бекнұр Несіпбаев ашты.

«2019 жылдың сәуір айында зауытымыздың алғашқы тасын қалаған кезде бұл жер ашық дала, көк шөп басқан 15 гектар жер еді және ұжымда небәрі 10 адам ғана болатын. Қазір ұжым өсті, қазірдің өзінде 800-ден астам адам бар, ал жыл соңына дейін әріптестеріңіз бұдан әрі көбейеді – мыңға жуық адам жұмыс істейтін болады. Бүгін мен осында сіздерді отбасыларыңызбен, біздің кішкентай болашақ қызметкерлерімізбен бірге көргеніме өте қуаныштымын! Елімізді бірге дамытып, оны көркейтіп, нығайта берейік!», — деді Бекнұр Несіпбаев.

Фото: Hyundai Trans Kazakhstan

«Астана Моторс» компаниясы алдына жаһандық мақсат қояды – бұл елді индустрияландыру, автокөліктер шығару, жаңа жоғары технологиялы жұмыс орындарын құру. Биыл компания автокөлік бөлшектерін шығаратын зауыт құрылысын бастауды жоспарлап отыр. Ең алдымен, орындықтарды, пластик бөлшектерді, полиуретан төсеніштерді шығаруды бастайды – осылайша біздің көліктерімізде Қазақстанда жасалған құрамдастар көбейе түседі. Бұл ел экономикасына салынған елеулі инвестиция болады, өйткені, Несіпбаев мырзаның айтуынша, қазіргі заманғы өндірісте бір жұмыс орнын құру 100-ден 150 мың долларға дейін қомақты соманы талап етеді.

Фото: Hyundai Trans Kazakhstan

Мерекенің басты оқиғасы өндірістік цехтарды аралау болды, зауытты ішінен қарап, туыстарының қайда жұмыс істейтінін көргісі келетіндер көп болғандықтан, ұзын-сонар кезекке тұрды! Экскурсия жетекшілері автокөліктерді шығарудың негізгі кезеңдері туралы айтып берді, демалыс күні барлық механизм өшіріліп тұрса да, тіпті «тыныш» күйдегі зауыт келушілерді таңғалдырды.

«Біреу тікелей эфирден, біреу теледидар экранынан бәрі бірдей қозғалып, ызылдап, дәнекерлеу жарқылдаған кезде әр қызметкердің және әрбір механизмнің үйлесімді қозғалысын көрсететін өндіріс кадрларын бәріміз де көрдік… Бірақ бүгін біз қызметкерлерімізге арнайы киімдерін шешіп, жүздерінен байсалдылық және жауапкершілік белгісін «алып тастауды» және тек отбасымен уақыт өткізуді, таңертең жұмысқа келгеннен кейін күніңіздің қалай өтетінін көрсетуді ұсындық», — дейді Hyundai Trans Kazakhstan директоры Илья Мельников

Фото: Hyundai Trans Kazakhstan

Мерекелік көтеріңкі көңіл-күй мен Family Day мерекесіне қатысушылардың бір-бірімен танысып, достасуына көмектесу үшін үлкен бағдарлама дайындадық, түрлі ойын-сауықтар: батуттар мен доптары бар бассейндер, қолдан жасалған бұйымдар жанкүйерлеріне арналған шеберлік сабақтары, кәсіби нұсқаушы өткізген отбасылық эстафеталар мен әсерлі билер, алып дартс пен волейбол ұйымдастырдық. Ал жаңадан ашылған Palisade-ты балалар нағыз өнер нысанына айналдырды. Мерекенің соңғы аккорды ретінде қомақты сыйлықтары бар лотерея өткізілді.

Hyundai Trans Kazakhstan  зауыты  ұжымдағы жайлы атмосфераны, қызметкерлерге қатысты «жылулық дәрежесін» бірінші орынға қояды. Бірақ еңбек және демалыс үшін қолайлы жағдайлармен, қызметкерлердің тегін тамақтануымен, дене шынықтыру және кәсіпорын аумағындағы спорт алаңдарымен қамтамасыз етілуімен қатар «Астана Моторс» әрдайым қызметкерлердің кәсіби дайындығына және кәсіби біліктілігін арттыруға ерекше көңіл бөледі. Қазақстанда осы типтегі зауыттың өндірістік бейіндері бойынша дайын мамандар өте аз, сондықтан жаңадан келген қызметкерлердің барлығы дерлік Hyundai оқу орталығында тәлімгерлерден практикалық және теориялық білім алады.

Зауыт қызметкерлерінің орташа жасы — 33 жас, бұл – білікті техникалық мамандардың жаңа буыны, кәсіби тұрғыдан да, тұлғалық жағынан да көп нәрсені үйренуге, жаңа дағдыларды игеруге, өзгеріп, өсуге дайын белсенді жастар. Айтпақшы, мұндай жас ұжымның тағы бір «отбасылық» ерекшелігі бар. HTK кадр бөлімінің басшысы Наталья Марченконың айтуынша, зауыттың өзіндік демографиялық статистикасы бар! Екі жылдың ішінде зауыт қызметкерлерінің арасынан 4 ерлі-зайыпты жұп құрылып, 81 сәби дүниеге келді, ал Hyundai Trans Kazakhstan отбасының ең жас мүшесі жақында – 25 тамызда дүниеге келді, бүгін әріптестері бақытты әкені құттықтап жатыр».

Фото: Hyundai Trans Kazakhstan

Дегенмен құттықтаулар тек жас әкеге арналып қана қойған жоқ, салтанатты бөлім аяқталғаннан кейін қонақтарға микрофон беріліп, туған күндерімен, Family Day мерекесімен құттықтаулар және сахнадан әріптестерге жай ғана достық құттықтаулар айтылды. Асеев Александр, УУД ИСА  учаскесінің шебері: «Біз бұл мерекені асыға күттік, мен зауыт құрылған күннен бері жұмыс істеймін, сондықтан бұл идеяның баяғыда пайда болғанын білемін, биыл ақыры іс-шара жүзеге асырылды. Өте керемет болды, бәрі өз деңгейінде, менің отбасым өте қатты риза болды!»

Айта кетейік, Hyundai Trans Kazakhstan зауытында автокөліктер 2020 жылы шығарыла бастады. Қазір мұнда сегіз Hyundai моделі шығарылады, оның ішінде үш жаңа үлгі 2022 жылы шығарылады – Hyundai Staria, Hyundai i30 және Hyundai Bayon.