Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесі комитетінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқғындағы «Еңбек-Қызылжар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнын филиалында жемқорлық фактісінің жолын кесті.
2022 жылғы 23 тамызда мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша сотталғандар үшін азық-түлікті қабылдау-тапсыру актісіне кедергісіз қол қойғаны үшін осы мекеменің басшысы жеке кәсіпкерден пара алған кезде ұсталды. Күдікті Петропавл қаласының УҰИ-не қамалды,- делінген хабарламада.
Кінәнің толық танылуын және сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеруді жүргізу туралы келіп түскен өтінішхатты ескере отырып, тергеу соты оған қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады.
Кінәлілік дәрежесін сот анықтайды. Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.