Басты бетЖаңалықтарӨмірзақ Шөкеев...

Өмірзақ Шөкеев Түркістан облысының әкімі қызметінен босатылды

Мемлекет басшысының жарлығымен Өмірзақ Естайұлы Шөкеев Түркістан облысының әкімі лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.

Бұған дейін Түркістан облысының әкімі отставкаға кетуге өтініш бергені хабарланған еді.

Еске салайық, Өмірзақ Шөкеев 2019 жылы ақпанда Түркістан облысының әкімі болып тағайындалған болатын.