Басты бетБастыҚазақстанда 300...

Қазақстанда 300 мың сүрбойдақ пен тұрмысқа шықпаған 700 мың қыз бар

Рухани кештің басты тақырыбы Ұлы дала елі болды. Жиналған қауым Қазақ елінде белең алып жатқан жағдайларды жіпке тізді. Статистика бойынша, Қазақстанда 18 бен 35 жас аралығындағы күйеуге шықпаған 700 мың қыз бен 300 мың сүрбойдақ бар екен. Ал, шетелдік еркектердің етегінен ұстап кететіндердің көрсеткіші 10 пайызға жеткен. Сарапшылар «қоғам азғындап, кері кетіп барады» дейді. Бүгінгі Ұлы дала елі жиынына жиналғандар қоғамды іштен іріткен мәселелерді талдап, Қазақ елінің рухани құндылығын сақтап қалу жолында жұмыс жасау керектігін айтты.

«Ұлы дала қырандары» қозғалысының тең төрағасы Сәдібек Түгел рухани азғындықтардан ада болуымыз керектігі жайлы айтады. «Рухани азғындықтар бар ғой, солардан біз ада болуымыз керек. Ол қандай десеңіз, қазақтың 2 мың жылдық тарихында тәнін сатып табыс табу, жезөкшелік деген болмаған. Гей клубтар деген болмаған. Маскүнемдер болмаған. Наркомандар болмаған, мінеки», — деді ол.

Ұлы даланың басты мақсаты — салт-дәстүрді қайта жаңғырту. Жас буынның санасын қазақи ғұрыпта тәрбиелеу. Халықтың рухани байлығын арттыру үшін Алматы қаласының 1000 және Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы және басқа да маңызды даталарды жиі дәріптеу керектігі айтылды.

Дереккөзalmaty.tv