Бұл туралы РИА Новости басылымы хабарлады.
Михаил Сергеевич Горбачев ауыр және ұзаққа созылған аурудан қайтыс болды, — делінген орталық клиникалық аурухана жіберген хабарламада.
Маусымда Горбачев қорының баспасөз хатшысы Владимир Поляков Михаил Горбачевтың бүйрек ауруымен ауыратынын және емделіп жатқанын, оның ішінде гемодиализге түскенін айтқан болатын. Ол сонымен қатар 91 жастағы КСРО-ның бұрынғы президентінің денсаулығының нашарлауын жасымен байланыстырды.
Горбачев КСРО-ны 1985 жылдан 1991 жылы ыдырағанға дейін басқарды.