Премьер-министрі Әлихан Смайылов қорғаныс өнеркәсібі мәселелері жөніндегі комиссияның отырысын өткізді.
Қатысушылар индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қару-жарақ, әскери техника және әскери мақсаттағы өнім экспортын 2023 жылғы тамыздың аяғына дейін тоқтата тұру туралы ұсынысын қарады.
Комиссия мүшелері бұл ұсынысты қолдады. Бұдан басқа, лицензиялары бар заңды тұлғаларға тексеру жүргізу және «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға өзгерістер енгізу жөніндегі жоспарлар талқыланды, — елінген хабарламада.