COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметінше, «Pfizer» вакцинасының I дозасымен егілген жасөспірімдер, жүкті әйелдер мен бала емізетін аналар саны 1 238 628 адамға жетті. Препараттың ІІ дозасын 1 198 298 адам салдырды.
Оның ішінде:
- І компонентімен егілді: жасөспірімдер – 874 325, жүкті әйелдер – 41 622,
- бала емізетін әйелдер –145 440.
- ІІ компонентін алды: жасөспірімдер – 859 233,
- жүкті әйелдер – 39 448, бала емізетін әйелдер – 141 957.
Бұдан бөлек, өзге вакциналардың І компонентімен 9 583 605 адам, ІІ компонентімен 9 367 179 адам егілді.