Басты бетФутбол ақыл-ой...

Футбол ақыл-ой кемістігіне ұшырата ма?

Тәжірибеге қатысқан ер адамдар орта есеппен алғанда 26 жыл бойы футбол ойнаған. 60 жасқа келгенде оларда ақыл-парасат кемдігінің белгілері пайда бола бастаған.

Олардың миын зерттеген ғалымдар төртеуінен ми инсульті мен боксшыларда болатын ақыл-ой кемістігінің белгісін тапты.

«Біз олардың миын ашқан кезде бұрынғы боксшылардың миында болатын өзгерістерді байқадық… Осы арқылы бірінші болып, футболшылардың допты баспен соғу арқылы алған жарақаттары деменцияға ұшырататынын анықтадық»,-деді Лондон Университеттік колледжінің профессоры Хью Моррис.

Осыдан кейін Англияның футбол ассоциациясы спортшылардың жарақаттарына мұқият болатындарын айтты.

Айта кетейік, 2015 жылы 4,5 мың футболшы Ұлттық футбол лигасына жұмыс барысында алған бас жарақаттары туралы арыз жазған еді.

ДереккөзBBC.com