Жандос Бүркітбаев: Елімізде ана өлімі 58% төмендеді

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау жүйесі жұмысында оң динамика байқалады. Жалпы өлім-жітім – 11, ана өлімі – 58, қан айналымы жүйесі және тыныс алу органдары ауруларынан өлім-жітім – 17, өкпе ауруынан — 12, қатерлі аурулардан 8% төмендеді. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін жақсарту мақсатында дәрігерлердің жалақысы 20% артты. 2021 жылы өңірлерде 3 034 жас маман жұмысқа орналасты. Бұл жалпы түлектердің 96% құрайды. Бұл ретте ауылдарға 606 түлек жұмысқа орналасты. 2019-2022 жылдары аралығында медициналық-санитариялық алғашқы көмектің теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін 304 МСАК нысаны пайдалуға берілді. МСАК-ты қаржыландыру денсаулық сақтау жүйесін қаржыландырудың жалпы көлемінің 545 дейін жеткізілді, — деді бірінші вице-министр орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, биыл 80 МСАК нысанын салу көзделген. Қазіргі уақытта оның 6-уы пайдалануға берілді. Осы жылдың соңына дейін ауыл тұрғындары мен балалар үшін профилактиканың жаңа әдістері енгізіліп, консультациялық-диагностикалық қызметтер кеңейтілді.

Аудандық ауруханалардың материалдық-техникалық базасы жақсарады. Қымбат тұратын медициналық жабдықтармен жабдықталып жатыр. 21 компьютерлік томография, 91 рентген аппараты, ана мен баланы қорғауға арналған 1 мыңнан астам жабдық жеткізілді. Шалғайда орналасқан елді мекендерде жылжымалы медициналық кешендер мен медициналық пойыздар кеңінен қолданылады, — деді Жандос Бүркітбаев.