Басты бетЖаңалықтарҚазпоштаның барлық...

Қазпоштаның барлық қызметі уақытша тоқтатылады

Жоспарлы техникалық жұмыстар жүргізіледі. Нұр-Сұлтан уақытымен 2022 жылдың 28 тамызында сағат 00:00-ден 2022 жылдың 31 тамызы сағат 08:00-ге дейінгі аралықта «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, постаматтарда, терминалдарда, «Касса24» терминалдарында, post.kz, postbank.kz сайттарында пошталық және қаржылық қызметтердің барлық түрі жұмысын тоқтатады, — делінген ресми хабарламада.

Компания мамандары жексенбіге дейін барлық операцияны алдын ала жасауға кеңес береді.

Бөлімшелерге бару, терминалдар мен онлайн қызметтер арқылы операциялар жүргізу, хаттарды, құжаттар мен сәлемдемелерді қабылдау/жіберу секілді «Қазпошта» АҚ қызметтерін алатын болсаңыз, алдын ала жоспарлаңыз. Туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — дейді мамандар.