Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда алдағы...

Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

Ақпаратқа сәйкес, республиканың батыс және оңтүстік аудандарында жылы ауа райы сақталады. Еліміздің қалған аумағындағы ауа райына атмосфералық фронтал бөліктер ісер етеді, салдарынан найзағай ойнап, жаңбыр жауады және жел күшейеді, солтүстікте, шығыста, орталықта түнгі және таңғы сағаттарда топырақ бетінде үсік жүреді.

Күндізгі ауа температурасы Қазақстанның батысында +31+39 градус шегінде сақталады, солтүстік-батысында +23+34 градусболады, ауа температурасы елдің солтүстігінде +17+22 градустан +20+25 градусқа дейін аздап көтеріледі, орталықта +23+31 градустан +18+28 градусқа дейін ауытқуы, шығысында +20+30 градустан +13+23 градусқа дейін төмендеуі болжанады, ауа температурасының негізгі аясы республиканың оңтүстігінде +25+37 градус, оңтүстік-шығысында +20+32 градус болады.