2-11 (12) кластардағы сабақтың ұзақтығы – 45 минут. Бірінші кластарда оқу уақыты сатылы режимде енгізіледі. Яғни, қыркүйек айында бірінші класс оқушылары – 35 минуттан үш сабақ оқитын болады. Ал қазан айынан бастап 45 минуттан білім алады – санитариялық қағидаларға сәйкес, сабақ уақытында дене шынықтыру және көзге арналған гимнастика жаттығулары жасалады, — делінген хабарламада.