Биыл қандай сайлау науқандары жүргізіледі?

«Ағымдағы жылдың өзінде-ақ біз 4 сайлау науқанын ұйымдастырып, өткізуіміз қажет. Оның бірі қазіргі уақытта басталып, шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына кандидаттарды ұсыну 58 сайлау учаскесінде өтуде. Сайлау 26 мамырда өтеді. 2017 жылдың 30 маусымынан кешіктірілмей 2011 жылдың 19 тамызында сайланған Сенат депутаттарының орнына кезекті сайлау өткізілуі тиіс», — деді Берік Имашев.

Комиссия төрағасының мәлімдеуінше, мұнан бөлек, ауыл округтерінің құрамына кірмейтін Қазақстан Республикасының аудандық маңыздағы қалаларының, ауылдық округтерінің, елді мекендері мен ауылдарының әкімдерін кезекті сайлау өтеді.

«Шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өткізу науқанды түйіндейді. Ол 29 қазанда өтеді», — деді ОСК төрағасы.

ДереккөзInform.kz