Елімізде індеттен тағы 1 науқас қайтыс болды.
25 тамыздағы мәлімет бойынша ел өңірлерінде коронавирустан 19 647 адам емделіп жатыр, оның ішінде 19 329 науқас – коронавирустан (КВИ+), 318 науқас – коронавирус пневмониясынан (КВИ-). 691 пациент стационарда жатса, 18 956 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 19 адамның жағдайы ауыр,
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 4 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.