Жұртшылыққа тек ресми дереккөздерден ғана емес, сонымен қатар қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты қатыгез түрдегі зорлық-зомбылық фактілері белгілі. Олардың көпшілігі өз міндеттерін орындап жүрген қызметкердің өміріне қауіп төндіру ретінде бағаланады. Мұндай әрекеттер үшін қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделген, — деді Санжар Әділов орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, 5 қаңтарда Семейдегі тәртіпсіздіктер кезінде осы қаланың тұрғыны заңсыз әрекеттерді тоқтату туралы заңды талапқа бағынбай, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысқан ұлттық ұланның әскери қызметшісіне дене жарақатын салған. Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
3 қаңтарда Өскеменде полиция қызметкерлерінің заңсыз митинг ұйымдастыру әрекеттерінің жолын кесу кезінде осы қаланың тұрғыны оларға қарсылық көрсетіп, күш қолданған. Өскемен сотының үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды, — деді Әділов.
Оның айтуынша, жаппай тәртіпсіздік кезінде қызметкерлерге қатысты күш қолдану фактілері бойынша бірқатар қылмыстық іс әлі де қаралып жатыр. Олар жақын арада сотқа жіберілетін болады.