Қазатомөнеркәсіп 2024 жылы өндіріс көлемін 10%-ға қысқартуды жоспарлап отыр

Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі Компанияның жарияланған Құзыретті тұлғасының 2021 жылғы есебіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде жалпы жоспарланған 28 691 тонна уран деңгейімен салыстырғанда 2024 жылы өндіріс көлемін шамамен 10%-ға қысқартуды мақұлдады.

2023 жылғы 20% қысқартумен салыстырғанда 2024 жылы өндіруді шамамен 10%-ға қысқарту, бірінші кезекте, компанияның жаңа, сондай-ақ қазіргі клиенттермен орта және ұзақ мерзімді келісімшарттарды сәтті жасауына байланысты. Компанияның ағымдағы келісімшарттар портфелі 2024 жылғы қосымша көлемдердің нарықтық сұраныспен нығайтылатынына және Қазатомөнеркәсіптің жеткізілімдері бойынша келісімшарттық міндеттемелерді орындауға бағытталатынына сенімділік деңгейін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар компанияның өндірістік тәртіпке бейілділігі алдағы екі жылға арналған уран нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңгерімінің ішкі бағасын ғана көрсетіп қоймайды, сондай-ақ жаһандық жеткізілім тізбегіне және белгілі бір түйінді материалдар мен реагенттерге қол жеткімділігінің шектеуліне байланысты ықтимал күрделіліктерге негізделген.

Осы шешімді іске асыру 2024 жылы әлемдік бастапқы уран өндірісінің болжамды көлемінен 3 500 тоннаға дейін уранды алып тастауға әкеледі. 2021 жылғы CPR есебіне сәйкес жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша 28 691 тонна уран өндірудің жоспарлы деңгейімен салыстырғанда 2024 жылы Қазатомөнеркәсіптің өндіріс көлемі 25 000 – 25 500 тонна уран деңгейінде күтілуде. 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылы жылдық өндіріс көлемінің күтілетін өсуі шамалы болғанына қарамастан, әлемдік жеткізу тізбегіндегі үзілістерге байланысты ағымдағы жағдайды ескере отырып, осы көлемнен тыс өндірістің кез келген ұлғаюы айтарлықтай қиындықтармен байланысты болуы мүмкін.

Компания өндіру көлемі жөніндегі 2024 жылға арналған шешімді ескере отырып, 2023 жылға арналған бюджеттер мен өндірістік жоспарлардың дайындау үшін бірлескен кәсіпорындар мен уран өндіруші еншілес кәсіпорындар бойынша серіктестермен жұмысты бастайды. Компания нарықтағы ахуалдың дамуын қадағалауды және жылдам өзгеретін нарықтық жағдайларға ден қою мақсатында икемділікті сақтауды жалғастырады. 2024 жылдан кейін өндірістік жоспарлар мен өндіру көлеміне қатысты шешім қабылданған жоқ.