Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Кездесу барысында елшіге 21 тамызда қазақстандық блогер Диас Құзайырға берген сұхбатында айтқан мәлімдемелеріне байланысты наразылық білдірілді, — делінген хабарламада.
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстан тарапы мұндай мәлімдемелердің шет мемлекет елшісінің қызметіне сай келмейтіні және қолайсыздығы туралы ұстанымын білдірілген.
Мұндай іс-қимылдар мемлекеттер арасындағы достық қатынастарға нұқсан келтірмеуге тиіс, — делінген хабарламада.