Басты бетЖаңалықтарРесей-Украина қақтығысы...

Ресей-Украина қақтығысы энергетикалық қауіпсіздікке қалай әсер етті?

«Компания уран нарығының соңғы жылдағы конъюнктурасының едәуір жақсаруына сәйкес 2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша жоғары қаржылық нәтижелер көрсетті», — деді Қазатомөнеркәсіптің өндіріс жөніндегі бас директоры, Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Ержан Мұқанов.

Компанияда 2022 бірінші жартыжылдықтағы 500 миллиард теңгеге жуық түсім 2021 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда екі есе өсті. Түсімнің өсуі, өз кезегінде, операциялық пайданың шамамен 182%-ға ұлғаюына және түзетілген таза пайданың іс жүзінде үш есе – 167,4 миллиард теңгеге дейін өсуіне алып келді.

Бұл өткен жылғы уран нарығындағы ахуалдың едәуір жақсарғанын көрсетеді, сондай-ақ үстіміздегі жылдың бірінші жартыжылдығында сату көлемінің клиенттердің жеткізуге сұраныстарының ұлғаюына байланысты жоғары болуына негізделген. Операциялық көрсеткіштерге келетін болсақ, 2022 жылдың бірінші жартыжылдығындағы өндіріс көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңінен төмен болды, бұл 2022 жылы өндіру көлемін өндіруін жүзеге асыру үшін  қажетті 2021 жылы ұңғымаларды игеру мерзіміне әсер еткен жеткізу тізбегіндегі қиындықтарға байланысты жылдық өндіру жоспарынан сәл артта қалушылықты көрсетті.

Теңдессіз жаһандық экономикалық белгісіздік және 2022 жылдың бірінші жартысындағы елеулі геосаяси оқиғалар тәуекелдерді басқару жөніндегі ішкі жүйелердің өзіндік сынағы болды. Тәуекелдерді басқару жөніндегі компанияның тәжірибелері бірнеше негізгі салаларда өздерінің сенімділігін көрсетті.

Белгісіздік пен тәуекелдер компанияның өндірістік және бюджеттік жоспарлау процестерінің күрделенуіне алып келіп, 2022 жылы шешім қабылдау мерзіміне айтарлықтай әсер етті. Компанияның нарықтық сұранысы мен келісімшарттық міндеттемелеріне сәйкес өндіріс көлемін жоспарлаумен қатар, қазіргі жағдайда өсіп келе жатқан инфляциялық қысымды және өндірістік жеткізілім тізбегіндегі ықтимал кідірістерді ескеру қажеттілігі туындады, бұл біздің өндірістік жоспарларымызға да әсер етуі әбден ықтимал. Уран нарығының жақсаруына және қысқа мерзімді нарықтағы белсенділіктің төмендеуі аясында ұзақ мерзімді келісімшарттарға қызығушылықтың өсуіне, сондай-ақ баға белгілеудің айтарлықтай жақсаруына қарамастан, сұраныс пен ұсыныс балансының іргелі жылжуы, біздің ойымызша, көп жағдайда екінші жетікізілім қорларының шексіздігі жайлы қате болжамдарға байланысты, әлі аяқталған жоқ. Бұл Қазатомөнеркәсіп секілді тәртіпті өндірушілерге мүмкіндік туғызады. Осылайша, біздің нарыққа бағытталған стратегиямызға сәйкес және кен орындарын игеру мен өндірудегі қазіргі қиындықтарды ескере отырып, Компания тәртіптілікті ұстануды жалғастырып, өндіріс көлемін шамамен жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар шеңберінде өндірудің жоспарланған деңгейімен салыстырғанда 10%-ға қысқартуды жалғастыра отырып, 2023 жылға жоспарланған диапазонмен салыстырғанда 2024 жылы шамамен 2 000 — 3 000 тонна уран өндірудің әлеуетті ұлғаюын жоспарлайды.

Соңғы бірнеше жылда жаһандық көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу мақсаттары үшін энергетикалық инфрақұрылымның қоғамдық және экологиялық салдарларын халықаралық деңгейде талқылау, атом энергетикасы үшін оптимистік болжамдар мен уран нарығының конъюнктурасын жақсартуға ықпал ететін ажырамас факторы болды. Бұл мәселелер Ресей-Украина қақтығысы аясында энергетикалық қауіпсіздікке және энергия көздерін әртараптандыруға көбірек көңіл бөлу аясында одан да өзекті бола түсті. Түрлі юрисдикциялар, соның ішінде бұрын ядролық энергетикадан бас тарту туралы шешім қабылдағандар немесе оны кезең-кезеңімен төмендету жоспарын ұстанғандар осы бағыттағы саясатты қайта қарастыруда, ал кейбір жағдайларда атом энергетикасын жаңартылатын энергия көздеріне көшу стратегиясының құрамдас бөліктерінің бірі ретінде қарастырады. Ядролық энергетиканы қолдаудағы осындай ілгерілеу қазбалы отын өндірісінің қоршаған ортаға теріс әсерін болдырмауға мүмкіндік беріп қана қоймай, туындаған әлеуметтік тәуекелдер мен энергетикалық қауіпсіздікпен байланысты тәуекелдерді жұмсартуға да көмектеседі.

Қазатомөнеркәсіп өндіріс пен сату мәселелерінде нарықтық тәртіпті сақтауды жалғастыра отырып, компанияның стейкхолдерлері үшін ұзақ мерзімді құндылықтар құруға деген дәлелденген ниетін бекемдей отырып, ядролық отынға деген өскелең сұраныстан туындаған орташа және ұзақ мерзімді келісімшарттық жаңа цикліне белсенді қатысуды жоспарлап отыр.