Бұл туралы ұлттық ұланының «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылықтың баспасөз қызметі хабарлады.
Биыл 22 тамызда сағат 15:15 шамасында Алматы 3650 әскери бөлімінің келісімшарт қызметінің әскери қызметшісі Сабыров Абылай Берікұлы қызметтік міндетін атқару кезінде өзіне бекітілген Макаров тапаншасынан оқ жарақатын алған. Әскери қызметші алған жарақатының салдарынан қаза болды,- делінген хабарламада.
Құқық қорғау органдары тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін қызметтік тергеу тағайындалды.
Ұлттық ұланның бас қолбасшылығы мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметші Абылай Сабыровтың туыстары мен жақындарына көңіл айтады, — делінген хабарламада.
Қазақстан Республикасы қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.