Басты бет Жаңалықтар Уақытша тіркеу туралы норманың күші жойылғаны рас па?

Уақытша тіркеу туралы норманың күші жойылғаны рас па?

Кеше БАҚ-та азаматтарды тұрғылықты жері бойынша міндетті тіркеу туралы норма «Экстремизм мен терроризмге қарсы күрес мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасынан алынып тасталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Вaq.kz тілшісі Мәжіліс депутаты Жанат Жарасовқа хабарласып, мәліметтің рас-өтірігін анықтады.

Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов уақытша тіркеуді қайта қарау мәселесі көтерілмегенін, жалған ақпарат тарап кеткенін айтты.

«Ол ақпаратты көріп, өзім де таңғалдым. Тіркеу туралы норма заңнан алынып тасталды деген әңгіме қайдан шыққанын білмеймін. Шындыққа жанаспайды. Мүмкін онда бұрын талқыға түскен ұсыныстар айтылған болар. Тіркеу туралы заң бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр», — деді депутат.

Айта кетейік, БАҚ-та тараған мәліметте тіркеу ережесін бұзған пәтер иелерін жауапкершілікке тарту кезінде жемқорлық қаупі туындайтын болғандықтан Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті құқық қорғау органдарымен біріге отырып басқа ұсыныстар енгізгелі жатқаны жазылған болатын.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version