Уақытша тіркеу туралы норманың күші жойылғаны рас па?

Мәжіліс депутаты Жанат Жарасов уақытша тіркеуді қайта қарау мәселесі көтерілмегенін, жалған ақпарат тарап кеткенін айтты.

«Ол ақпаратты көріп, өзім де таңғалдым. Тіркеу туралы норма заңнан алынып тасталды деген әңгіме қайдан шыққанын білмеймін. Шындыққа жанаспайды. Мүмкін онда бұрын талқыға түскен ұсыныстар айтылған болар. Тіркеу туралы заң бұрынғысынша жұмыс істеп жатыр», — деді депутат.

Айта кетейік, БАҚ-та тараған мәліметте тіркеу ережесін бұзған пәтер иелерін жауапкершілікке тарту кезінде жемқорлық қаупі туындайтын болғандықтан Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті құқық қорғау органдарымен біріге отырып басқа ұсыныстар енгізгелі жатқаны жазылған болатын.

ДереккөзBaq.kz