Ақпаратқа сәйкес, Қазақстанның басым бөлігі антициклон ықпалында болады, бұл солтүстік өңірлерлерде күннің жылынуына әсер етеді.
Елдің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында ауа райы жағдайының қалыптасуына атмосфералық фронт әсер етеді. Күн күркіреп, жел күшейеді. Республиканың солтүстігінде, шығысында және орталығында түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік болып және тұман түседі, — делінген хабарламада.
Ауа температурасы: күндіз батыста +30+35 градус, солтүстік-батыста +23+33 градус, республиканың солтүстігінде ауа температурасы +17+25 градустан +23+30 градусқа дейін, орталықта +15+22 градустан +20+31 градусқа дейін, шығысында +13+21 градустен +20 +28 градусқа дейін көтеріледі, елдің оңтүстігінде ауа температурасының негізгі аясы +27+32 градус, оңтүстік-шығысында +20+28 градус.