Басты бетЖаңалықтарАлматы тұрғынынан...

Алматы тұрғынынан 24 келі марихуана табылды

Полиция департаментінің мәліметінше, «Қарасора» республикалық іс-шарасы аясында Медеу ауданындағы үйлердің бірінде 57 жастағы азамат ұсталды.

Рұқсат етілген тінту кезінде күдіктінің үйінен жалпы салмағы 24 келіден астам марихуана есірткісі табылып, тәркіленді. Сонымен қатар үйдің іргесіндегі аумақтан өзі өсірген 6 түп қарасора табылды, – дейді экстремизмге қарсы күрес басқармасының бастығы Мәулен Қасымжан.

Аталған дерек бойынша ҚР қылмыстық кодексінің 297-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

ҚР қылмыстық кодексінің 300-бабы 1-бөлігі (Құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) сәйкес қосымша қылмыстық іс қозғау туралы мәселе шешіліп жатыр.