Бұл туралы stopfake.kz сайты мәлімдеді.
Фейк ақпаратта келесі жылдан бастап ЖОО «Қазақ репетиторлық және эмиграция ұлттық университеті» деп аталатыны жазылған.
Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
Хабарламада әлеуметтік ғылымдар деканы Шломо Рабби туралы айтылған. Шындығында университетте мұндай қызметкер жоқ.
Назарбаев университетінің жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебін ғылым докторы Гонсало Хортелано басқарады.