Ол Беларусь Украинаға шабуыл жасауды жоспарламайтынын мәлімдеді, — деп хабарлады БЕЛТА.
Беларусь аумағынан Украинаны бомбалаймыз деген сияқты шабуыл жоспарлап отыр деп ойламаңыздар. Біз балаларымыздың соғысқанын қаламаймыз, — деді Беларусь басшысы 19 тамызда Брест облысына сапары кезінде.
Сонымен қатар ол Беларусь азаматтығын алып жатқан мыңдаған украиналық үшін баспанаға айналғанын айтты.
Жалғыз Украина емес, қазір бүкіл НАТО блогы мен Америка Ресеймен соғысып жатыр, — деді Лукашенко.
Оның ойынша, егер АҚШ Польшаның көмегімен соғысты жалғастырмағанда Еуропа бұл соғысты әлдеқашан тоқтатар еді.