Талғат Қозбеков 1976 жылы Жетісу облысы (бұрынғы Талдықорған облысы) Панфилов ауданы Көктал ауылында дүниеге келген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «экономист- маркетолог» және әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетін «Заңгер» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1999 жылы Панфилов ауданы бойынша салық комитетінің салық аудиті бөлімінде инспектор лауазымынан бастады. Әр жылдары бөлім басшысы, басқарма басшысының орынбасары, Панфилов ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы лауазымдарын атқарды. 2020 жылдан бастап Атырау облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары лауазымында қызмет етті.
2022 жылдың наурыз айынан бастап Алматы облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы болып тағайындалған.