Басты бетҚоғамЕкібастұз әкімі...

Екібастұз әкімі қызметкерінің жемқор екені дәлелденген соң отставкаға кетті

«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес Екібастұз әкімі бағынышты қызметкерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін отставкаға берді. Осылайша, ол 2022 жылғы 8 тамыздан бастап атқарып отырған лауазымынан босатылды», — делінген хабарламада.

Екібастұз әкімі Ардақ Қаңтарбаев отставка туралы өтінішін өзінің орынбасары Бауыржан Ахметовке қатысты сот үкімі күшіне енген соң берді.

Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов отставканы қабылдап, Екібастұз қаласының әкімі Ардақ Қаңтарбаевты лауазымынан босатты.

Ардақ Қаңтарбаев Екібастұз қаласы әкімінің лауазымында 2020 жылдың қыркүйек айынан бастап жұмыс істеген еді.

Оның орнына Аян Бейсекин тағайындалды. Өңір басшысы Әбілқайыр Сқақов қала әкімі алдында тұрған басты міндеттерді айқындап берді.

Аян Бейсекин
Екібастұздың жаңа әкімі Аян Бейсекин. Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Аян Бейсекин – президенттің жастар кадры резервінің мүшесі, «Болашақ» бағдарламасының түлегі. 2008 жылы Лев Гумилев атындағы ЕҰУ мемлекеттік жергілікті басқару мамандығы бойынша тәмамдап, 2013 жылы Михаил Ломоносов атындағы ММУ мемлекеттік әкімгерлік магистрі болды.

Аян Бейсекин мұның алдында Ертіс ауданын басқарған. Оған дейін Павлодар мен Железин ауданы әкімінің орынбасары болды.