Асхат Аймағамбетов ұлы мемлекеттік мектепте оқитынын және оқу жылына басқа ата-аналар сияқты дайындалатынын жазған.
Бүгін үкімет отырысынан кейін менен ұлыма мектеп формасын алуға қанша қаражат жұмсағанымды сұрады. Жексенбі күні ұлым екеуіміз «….» дүкенінен 36 000 теңгеге жейде, костюм, шалбар және галстук сатып алдық. Түбіртектен заттардың құнын және оның жалпы сомасын есептеп көруге болады. Сондай-ақ мектеп формасынан бөлек шамамен 20 мың теңгеге портплед сатып алынғанын да байқауға болады. Жауабымды растау үшін сатып алынған заттардың түбіртектерін қоса салып отырмын. Бір түбіртекте сома 26 мың теңге (Пиджак. Шалбар. Жейде). Екінші түбіртекте – 10 мың теңгеден жоғары (тағы бір жейде мен галстук). Жалпы сомасы 36 мың теңгеден асады. Портплед шамамен 20 мың теңге, — деп жазды министр.
Сонымен бірге ол баласының былтырғы киімдерін де киетінін айтты.
Министрліктің 475 мың мұқтаж балаға мектеп формасын сатып алуына қаржылай көмек көрсету шараларын қадағалап отыратынын атап өткім келеді. Оқу жылы қарсаңында үкімет бұл мәселені бақылауға алды. Премьер-министр тиісті тапсырмалар берді, — деп жазды ол.