«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы бүгін әлеуметтік желілерде заңсыз әрекеттер мен Нұр-Сұлтандағы №2 арнайы халыққа қызмет көрсету орталығы маманының ұсталғаны туралы кеңінен тараған видеоға қатысты мынаны хабарлайды. Мемлекеттік корпорация сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзуды жою саясатын ұстанады. Мемлекеттік корпорацияның ішкі қауіпсіздік бөлімі тұрақты негізде ішкі аудит нәтижелері бойынша мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің заңсыз әрекетін анықтайды. Ішкі қауіпсіздік департаменті жинаған барлық материал одан әрі тергеу үшін құқық қорғау органдарына жіберіледі, — делінген хабарламада.
Мемлекеттік корпорацияның қоғаммен байланыс жөніндегі басқарушы директоры Нариман Дүйсекеевтің айтуынша, 2022 жылдың алты айында департамент сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен тиісті құқық қорғау органдарына көлік құралдарын қайта тіркеу саласындағы заң бұзушылықтар мен жүргізуші куәліктерін беру туралы мәліметтермен 33 хат жолдаған.
Ұсталған қызметкерге келсек, оның әрекетіне уәкілетті органдар құқықтық баға береді, — деді Нариман Дүйсекеев.
Еске салайық, бұған дейін арнайы ХҚКО қызметкерлері мен полиция қызметкерлері автокөліктерді тіркеу кезінде заңсыз баю схемасын пайдаланғаны хабарланған едік.