35 мың теңге. Министр баласының мектеп формасын алуға жұмсаған ақша

Министр өткен демалыс күндері баласымен дүкенге барғанын және бірнеше ақ жейде, шалбар, костюм, галстук алған.

«Балам жаңа оқу жылына дайын. Барлығына 35 мың (теңге) шамасында кетті», — деді Аймағамбетов.

Оның айтуынша, дүкенде адам көп болған. Таңдау қазақстандық өндірушінің костюміне түскен.

«Біз де басқалар сияқты кезекте тұрдық, киіп көрдік, 36-өлшемді киім алдық. Барлық отбасы сияқты біз де мектепке дайындықты бастадық», — деді министр.