Басты бет Жаңалықтар Өлімге итермелейтін сайттардан виртуалды қорғаудың қандай жүйесі бар?

Өлімге итермелейтін сайттардан виртуалды қорғаудың қандай жүйесі бар?

Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде жасөспірімдергі суицидке итермелейтін «көк кит», «4:20-да мені оят» , «жүгір немесе өлім құш» және басқа да виртуальды ойындар танымалдыққа ие болуда. Түрксіб ауданының прокуратурасы осыған қатысты жаңа жоба әзірледі.

Қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттік органдар аталған ойындарға кіру мүмкіндігіне заңды түрде бұғау салу арқылы күресіп жатса, Түрксіб аудандық прокуратурасы алдын алу шараларын жүргізуге күш салып, балаларға қажетсіз сайттарға кіруін болдырмауда.

Соған байланысты, прокуратура «Мектептегі виртуальды қауіпсіздік» жобасын жүзеге асыруда. Алдағы жоспар бойынша Түрксіб ауданындағы 26 мектептің барлығы жағымсыз әрі қауіпті ақпараттар берілген бағдарлама, соның ішінде қауіп төндіретін бағдарламалардың барлығын қамтитын сайттарды сүзгіден өткізу жүйесімен жабдықтайтын болады.

Бұл жоба прокуратура, аудан Әкімі аппараты, Түрксіб ауданы ювенальды полициясы мен білім беру бөлімінің, сонымен қатар 500 млн сайтты бір мезгілде сүзгіден өткізетін талапқа сай құрал-жабдықты ұсынып отырған «Greenet» ЖШС-нің бірлескен күшімен жүзеге асырылмақ.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version