Басты бет Жаңалықтар Қазақстанда «Көк кит» суицидке итермелейтін ойыны бұғатталды

Қазақстанда «Көк кит» суицидке итермелейтін ойыны бұғатталды

Алматының Наурызбай аудандық сотының үкімімен "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі "Синий кит/хочу в игру/тихий дом/море китов/я в игре" топтары бұғатталды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшілері.

«Наурызбай аудандық сотының шешімімен Қазақстан Республикасының аумағында балаларды суицидке насихаттайтын шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін таратуға тиым салынды», — дейді Наурызбай ауданы баспасөз қызметінің өкілдері.

Іс материалында «ВКонтакте» әлеуметтік желісіндегі «Синий кит/хочу в игру/тихий дом/море китов/я в игре» топтары бар.

Еске салайық, «Отбасы және отбасылық құндылықтарды қолдау бойынша қазақстандық ата-аналардың қауымдастығы» республикалық қоғамдық ұйымы бұл ойындар балаларды суицидке итермелейді деп тауып, азаматтарды балаларын қауіпсіздендіруге шақырған еді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version