Шығыс Қазақстан облысында жоғалған бала табылды

Бала аман-cау. Оны ЖҚАЖ қызметкерлері тапты, — деп жазды Polisia news Telegram каналында.

Еске салайық, 14 тамызда 2010 жылы туған аутизмі бар жасөспірім Темірлан Ахметжановтың түнгі 02.30-да үйден шығып, оралмағанын хабарлаған едік. Бұл ақпаратты естіген полиция өкілдері дереу іздестіру жұмысына кіріскен болатын.