Басты бетЖаңалықтарАлматы полициясы...

Алматы полициясы қалалық сот ғимаратын тексеріп шықты, ештеңе табылмаған

Ақпарат жалған болып шықты. Сол ақпаратты жіберген адамды іздестіріп жатырмыз. Ол міндетті түрде қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады, — деді ол.

Қазіргі уақытта қалалық сот қызметкерлеріне ғимаратқа оралуға рұқсат етілген.

Еске салайық, бүгін, 15 тамызда Алматы қалалық сот ғимараты қоршауға алынды, судьялар мен сот қызметкерлері түгел эвакуацияланды. Сот процестері кейінге қалдырылған. Бұған сот кеңсесінің поштасына келген түрлі сипаттағы қорқытқан хабарламалар себеп болған.