Басты бетЖаңалықтарҚазақстан Никарагуамен...

Қазақстан Никарагуамен визасыз режим туралы келісім бекітті

Қазақстан Республикасының үкіметі мен Никарагуа Республикасының үкіметі арасындағы визалық талаптарды өзара жою туралы келісімнің жобасы мақұлдансын, — делінген Қазақстан Үкіметінің қаулысында.

Мақұлданған келісімге сәйкес, бір тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды жол жүру құжаттарының иелері бірінші келген күнінен бастап әрбір 180 күн кезең ішінде 30 күннен аспайтын кезеңге екінші тарап мемлекетінің аумағына бір немесе көп мәрте келу, кету, транзит, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады. Екінші тарап мемлекетінің аумағында 30 күннен артық болуға не оның аумағында еңбек немесе коммерциялық қызметті жүзеге асыруға ниеттенген бір тарап мемлекетінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің ұлттық заңнамасына сәйкес талап етілетін тиісті визаны алуға тиіс.