Басты бетҚоғамАлматыда сот...

Алматыда сот ғимараты қоршалды, қызметкерлері эвакуацияланды

Оның Facebook-тегі хабарына қарағанда, бүгін, 15 тамызда қалалық сот кеңсесінің поштасына түрлі сипаттағы қорқытқан хабарламалар түскен.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта сот ғимаратында келіп түскен хабарламаларды тексеру жүргізіліп жатыр. Сот ғимараты қоршалып, судьялар мен сот қызметкерлері эвакуацияланды.

Сонымен бірге бүгінге жоспарланған сот процесінің бәрі кейінге қалдырылған.