Басты бетҚоғамСаяси қайраткер...

Саяси қайраткер Балташ Тұрсымбаев қайтыс болды

Қазір ғана Серікбай Әлибаев қаралы хабарды жеткізді. Бүгін Балташ Тұрсымбаев қайтыс болды, — деп жазды журналист Facebook-тегі парақшасында.

«Дат» газетінің жетекшісі Ермұрат Бапидың «Азаттық» радиосына айтуынша, саясаткер жүрек талмасы ұстап, кенеттен қайтыс болған. Балташ Тұрсымбаев мемлекеттік қызметтен кеткеннен кейін оппозициялық күштердің қатарына қосылған. Ол көп жыл бойы билікке сыншыл көзқарасымен танылып, қоғамдық саяси өмірге белсене араласты.

Балташ Тұрсымбаев 1991-1992 және 1998-1999 жылдары ҚР премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарған. 1992-1993 жылдары ауыл шаруашылық министрі, 1993-1995 жылдары Қостанай облысы әкімі, 1995-1996 жылдары ҚР қауіпсіздік кеңесінің хатшысы, 1996-1998 жылдары елші қызметтерін атқарған. 1999 жылдан бастап жеке кәсіппен айналысқан.