Басты бет Жаңалықтар Алматыда автобусты есірткі шегіп алып айдаған жүргізуші ұсталды

Алматыда автобусты есірткі шегіп алып айдаған жүргізуші ұсталды

Алматыда есірткі қолданған автобус жүргізушісі ұсталды. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Ақпаратқа сәйкес, №118-ші бағыттағы қоғамдық көлік Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысында тоқтатылды.

Тәртіп сақшылары әрекеті күдік туғызған жүргізушіні тоқтатып, оны медициналық куәландырудан өткізуге апарды. Сараптама қорытындысы бойынша нарколог-дәрігерлер оның есірткіге мас болғанын анықтады, — деді әкімшілік полиция басқармасы бастығының орынбасары Дәулет Сейітқұлов.

Полиция өкілінің айтуынша, жүргізуші қоғамдық көлікті басқарудан шеттетілді.

Алматы бойынша мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен ер адам 8 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды, сонымен қатар 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды,- дейді ол.

Сонымен қатар автобус мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды.

Есірткіге масаң күйдегі жүргізушіні жолаушы тасымалдауға рұқсат берген автокәсіпорынның медицина қызметкеріне 150 мың теңге көлемінде айыппұл салынды,- деді Дәулет Сейітқұлов.

Exit mobile version