Басты бет Жаңалықтар Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі уақытша жабылады

11 шілде сағат 8.00-ден 12 шілде сағат 6.00-ге дейін Абай даңғылының оңтүстік жағымен Алатау даңғылынан Қадырбеков көшесіне дейін шығыс бағытта қозғалыс толығымен жабылады.

Фото: Бақдәулет Әбдуалы

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Алматы қалалық мобильділік басқармасы бұл уақытта жолдың беткі қабатына асфальт төселетінін хабарлады.

Алатау даңғылынан Қадырбеков көшесіне дейінгі шығыс бағыттағы қозғалыс Абай даңғылының солтүстік жағындағы бір жолақ бойынша жүзеге асырылады. Бұл жұмыстар 2022 жылға арналған жұмыс жоспарында қарастырылған. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз, — деді ведомство өкілдері.

Exit mobile version